Күдіктілер ұсталды: Шымкентте пәтерден қыздың мәйіті табылды

0
594

Мәйітті қарау кезінде пышақтан алынған жарақаттар анықталған.


Күдіктілер ұсталды: Шымкентте пәтерден қыздың мәйіті табылды

Шымкентте пәтерден қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылдың 17-қаңтарында Абай ауданының Полиция басқармасына «1-мамыр» көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің пәтерінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 1994 жылы туылған азаматша екенін анықтады. Мәйітті қарау кезінде пышақтан алынған жарақаттар анықталған.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.