«Күміс алқа» наградасы алтыншы бала 1 жасқа толған кезде беріледі

0
3 020

Күміс алқа» награсы ананың барлық балалары өзімен бірге тұрып жатса және теріс әрекеті үшін жауапқа тартылмаған жағдайда берілеіді.


«Күміс алқа» наградасы алтыншы бала 1 жасқа толған кезде беріледі

Абай ауданы әкімінің орынбасары Санжар Бүрлібаев «SHANYRAQ» орталығында аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесу барысында өзекті мәселелер қозғалып, түрлі ұсыныстар айтылды.

Атап айтсақ, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырудың қиындықтары, кейбір отбасылардың атаулы әлеуметтік көмектері тоқтап қалғаны, үй кезегіне тұру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, бірнеше көпбалалы ана «Күміс алқа» наградасын ала алмай жүргені туралы сауал қойды.


Әрбір тұрғынға жеке кеңес берілді. 2020 жылы құжатында көрсетілген мекенжайынан табылмаған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беруден бас тартылғаны айтылды. Былтырғы жылы карантин шараларына байланысты көмек мерзімі ешбір тексерусіз ұзартылып отырды, алайда биылғы жылдың басынан бастап әрбір көмек алушы отбасы мұқият тексеріліп жатқанын жеткізді.

Әкім орынбасары «Күміс алқа» алу мәселесіне қатысты да түсіндірме беріп өтті. Бұл марапатты алты баланың анасы болған әйел автоматты түрде ала алмайтынын, алтыншы баласы 1 жасқа толған кезде барлық балалары өзімен бірге тұрып жатса және әлдебір теріс әрекеті үшін жауапқа тартылмаса ғана берілетін награда екенін айтып өтті.