"Құтқарушылар күні": Шымкентте өрт сөндірушілерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды

0
819

Салтанатты іс-шара барысында өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлері ант қабылдады.


Шымкентте "Құтқарушылар күні" қарсаңында өрт сөндірушілер мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті басшылығы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, жеке құрам, әскери бөлімінің үрмелі оркестрі қатысты.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Алтынбекұлы Бейсембаев, азаматтық қорғау органдарының құрметті ардагері Мұхтарбек Бексейітов құттықтау сөз сөйлеп, жас мамандарға тілектерін айтты.
Салтанатты іс-шара барысында өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлері ант қабылдады.