"ҚҰТТЫ МЕКЕН" - Шымкентте 7 мыңға жуық пәтер беріледі

0
2 207

Оның ішінде 177 пәтер көпбалалы аналарға беріледі.


Шымкентте «Құтты мекен» жобасымен 7 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында өткен кезектен тыс 18-ші конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның айтуынша, Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында 6 513 пәтерлі 132 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы дайын, олар мамыр айында беріледі. Оның ішінде 177 пәтер көпбалалы аналарға беріледі. Нәтижесінде биылғы жылы 1368 әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы және жас отбасылар баспаналы болады.

Айта кетейік, конференцияға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев, саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, аудандардан сайланған делегаттар қатысты.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі