«Қырғы» базар саудагерлеріне жұмыс орындары ұсынылуда

0
1 686

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде атқарылып жатыр.


«Қырғы» базар саудагерлеріне жұмыс орындары ұсынылуда

ERNUR.KZ. Шымкенттегі «Қырғы» базар саудагерлеріне жұмыс орындары ұсынылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Төле би көшесі бойындағы «Қырғы» базар аумағындағы ретсіз сауда өзекті мәселелердің бірі болуына байланысты Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қаладағы базар басшыларымен түзілген меморандум аясында базар аумағында бос сауда орындары ұсынылып, қазіргі таңға 50-ге жуық саудагер «Қырғы» базарына 3 ай көлемінде ақысыз орналасты.

Сондай-ақ, саудагерлерді жұмыспен қамту мақсатында тұрақты түрде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тізімі жолданып, жұмыс орындары ұсынылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде атқарылып жатыр.