Мегаполис басшысы М.Әйтеновтың жиналысы кабинетте емес, автобуста өтті

0
1 302

Жексенбі күні мегаполис әкімі автобуспен қаланы аралап,бірнеше әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.


Мегаполис басшысы М.Әйтеновтың жиналысы кабинетте емес, автобуста өтті

Қала әкімі М.Әйтеновтің бұл жолғы жиналысы кабинетте емес, қоғамдық көлікте өтті. Мегаполис басшысы өз орынбасарлары мен басқарма басшыларын жинап, автобуспен қаланы аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аралау «Шымкент Сити» шағынауданындағы мектеп құрылысының барысын көрумен басталып, одан әрі орталық ипподромдағы «Этноауыл» құрылысы жобасымен танысты.

«Karlskrona LB AC» ЖШС өкілдері Мұрат Дүйсенбекұлына атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Қала әкімі «Тассай» индустриалды аймағындағы «Asia Trafo» ЖШС жұмысын өз көзімен көрді.


Сондай-ақ, Шымкент қалалық №2 көпсалалы ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен де танысты.

Мұнан соң Қажымұқан атындағы орталық стадионның ТМД елдерінің мәдени астанасы аясында өтетін іс-шараларға дайындығын пысықтаса, қаланы аралау соңында Мұрат Әйтенов тиісті сала басшыларына ең алдымен жұмыс сапасының жоғары болуын қатаң тапсырды.