Мегаполис жастары саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге барды

0
1 308

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған қысқаметражды фильм жастардың назарына ұсынылды.


Мегаполис жастары саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге барды

Шымкент қаласы – ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай қала жастарына Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Келешек» жастар кеңесі, қалалық Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған шара барысында музей ортасына қойылған «Репрессия» скульптурлық композициясының ерекшелігі көрсетілді.

Экспозиция залында саяси қуғын сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси күрескер, патриот, ғалым, киелі өнер иесі болған тарихи тұлғалардың портреттер галереясымен таныстырылды. Сонымен қатар, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған қысқаметражды фильм жастардың назарына ұсынылды.