Мегаполисте 2020 жылдың сәуір айында «Қызғалдақ жолы» мерекелік фестивалі өтеді

0
1 384

Фестиваль осы жылы «Шымкент – Достастықтың мәдени астанасы» оқиғасы шеңберінде ұйымдастырылады.


Мегаполисте 2020 жылдың сәуір айында «Қызғалдақ жолы» мерекелік фестивалі өтеді

2020 жылдың сәуір айында «Арбат» жаяу жүргіншілер көшесінде екінші «Қызғалдақ жолы» мерекелік фестивалі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Фестиваль осы жылы «Шымкент – Достастықтың мәдени астанасы» оқиғасы шеңберінде ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы қыркүйектегі халыққа жолдауында айтылғандай, этно туризмді дамыту, сондай-ақ ТМД елдерінен келетін қонақтарға ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында сәуір айында «Этно Шымкент» қолөнершілер фестивалі де өтпек.

Бұл фестивальға Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей қолөнершілері де қатысатын болады.

"Шымкент Қазақстанның өзге өңірлерінде ең алдымен гастрономиясымен танымал. Осы бағытты одан әрі дамыту әрі насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында «Дәмді Шымкент» гастрономиялық фестивалі өтеді. Фестивальдің басты «фишкасы» ретінде шараға қатысатын аспаздар тарапынан тек қана Шымкентке тән арнайы «меню» дайындау болып табылады.Аталған фестивальді бұдан әрі жыл сайынға дәстүрге айналдыру жоспарда бар.", - деді қалалық туризм басқармасы басшысының м.а Азамат Мұратбекұлы Қалқабаев.