Мектепке дейінгі білім беруде Шымкент көш бастап тұр

0
965

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.


Мектепке дейінгі білім беруде Шымкент көш бастап тұр

Мектепке дейінгі білім беруде Шымкент қаласы көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Қазақстанда оқушылардың 95% жаңартылған білім беру бағдарламасына көшті. Ұлттық квалификациялық тест тапсырған 156 мың мұғалім жалақысына 30% және 50% үстемақы алып отыр.

Министрдің айтуынша, бүгінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары білім қажеттілігіне жауап беріп отырған аймақтарды пайыздық көрсеткішпен алатын болсақ, Шымкент қаласы көш бастап 23,9% көрсетіп отыр.

"PISA халықаралық ұйымның зерттеуі бойынша Қазақстандағы орта білімдегі ең жоғарғы және ең төменгі білімді теңестіру уақыты 2 жылды құрап отыр. 3-6 жастағы балаларды біліммен қамту Қазақстан бойынша 100% орындалды. Ең жоғарғы көрсеткіш Қостанай облысында 99,8% болып тұр. Кейін Алматы облысы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары тұр. Бұл орайда ең төмен көрсеткішті Алматы қаласы – 86,9% құрап отыр. Ал, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары білім қажеттілігіне жауап беріп отырған аймақтарды пайыздық көрсеткішпен алатын болсақ, Шымкент қаласы көш бастап 23,9% құрады", - деді министр.