Мұрат Әйтенов №72 мектептің құрылысын тексерді

0
527

Нысан жұмыстарымен танысып шыққан қала әкімі сала мамандары мен мердігер мекемеге жұмыс сапасына баса мән беріп, жобаны уақытылы аяқтауды тапсырды.


Мұрат Әйтенов №72 мектептің құрылысын тексерді

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Қайтпас-1 ықшам ауданындағы №72 орта мектептің қосымша оқу ғимарат құрылысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

375 орынға лайықталған нысан 3 қабатты 2 блоктан тұрады. Алдағы уақытта 30-ға жуық қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Ғимарат құрылысы жыл соңына дейін 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.
Нысан жұмыстарымен танысып шыққан қала әкімі сала мамандары мен мердігер мекемеге жұмыс сапасына баса мән беріп, жобаны уақытылы аяқтауды тапсырды.