Мұрат Әйтенов әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді

0
980

Қала әкімі әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін шығаратын «Meir-Trade Distribution Company» ЖШС-нің жұмысымен танысты.


Мұрат Әйтенов әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баға тұрақтылығын бақылау мақсатында «GraMad» көтерме тарату орталығында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда делдал қызметінсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады.

Қала әкімі, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін шығаратын «Meir-Trade Distribution Company» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аралау барысында әкім кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды.

Бұдан бөлек, Мұрат Дүйсенбекұлы жұмысшы топпен бірге теміржол вокзалының жұмысымен танысып, әлеуметтік маңызы бар ғимаратты қайта құру мәселесін талқылады.

1968 жылы салынып, пайдалануға берілген вокзал 2010 жылы күрделі жөнделген болатын. Шымкент қаласында республикалық маңызы бар қала мәртебесіне лайықты теміржол вокзалы болу қажеттігін айтқан қала әкімі нысанды қайта құру арқылы жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және туристерді аймаққа тартуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Бұдан кейін Сайрам су өзенінен өтетін апатты жағдайдағы көпірді қайта құру жұмыстарымен танысқан қала басшысы жауапты мамандар мен мердігерге жұмысты ширатуды айтып, нысанды уақытында аяқтауды қатаң тапсырды.