Мұрат Әйтенов дәрі-дәрмек қоймаларының жұмысын аралап көрді

0
508

Шаһар басшысы дәріханалар мен қала тұрғындарына барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін мәлімдеді.


Мұрат Әйтенов дәрі-дәрмек қоймаларының жұмысын аралап көрді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар дәрі-дәрмек қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһар басшысы «НПО Зерде» және «Медсервис Плюс» ЖШС-нің көтерме қоймаларын тексеріп, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және жинақтау бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді.

НПО «Зерде» ЖШС-нің №1 дәрілік қоймасы қалыпты жұмыс істеуде. Қойма басшылары дәрілер болмаған жағдайда дәріхана ұйымдары қорларын толықтырып жатқанын жеткізді. Қойманың жалпы ауданы – 2,44 гектар. Мұнда 130 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«НПО «Зерде» ЖШС – ел нарығындағы фармацевтикалық өнімдердің ірі дистрибьюторларының бірі. Және жоғары сапалы, қолжетімді дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың кең ауқымын ұсынады.
«Медсервис Плюс» ЖШС дистрибьюторлық компаниясы бүгінгі таңда 300-ден астам фармацевтикалық компаниялардың өнімдерімен жұмыс істейді. 4000-нан астам медициналық фармацевтикалық өнімдердің кең ауқымын ұсына алады. Бүгінде еліміздің 14 ірі қаласында компанияның филиалдары ашылған. Ауданы 2300 шаршы метр қоймада 62 адам жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 500-ден астам дәріханалық желілермен келісім жасалып, жеткілікті қор қамтамасыз етілген.
Қоймаларды аралаған қала әкімі фарм компания өкілдерін әкімдікпен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Әкімдік тарапынан қажетті көмектер көрсетіледі. Дәл қазіргі тұрғындардың жағдайына байланысты баршамыз күшейтілген күн тәртібінде жұмыла жұмыс істеуіміз қажет, – деді қала әкімі.
Шаһар басшысы дәріханалар мен қала тұрғындарына барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін мәлімдеді. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тек дәрігер нұсқаулығымен ғана сатылуы керек. Үй жағдайында өзін емдеу, алыпсатарлық секілді мәселелер туындамауы тиіс.