Мұрат Әйтенов QAZ VAC екпесінің төртінші бөлігін салдырды

0
470

Шымкент қаласында соңғы 1 ай көлемінде 1944 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.


Мұрат Әйтенов QAZ VAC екпесінің төртінші бөлігін салдырды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясына қарсы QAZ VAC екпесінің төртінші құрамдас бөлігін №3 қалалық емханасында салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұрат Әйтенов екпеден кейін 30 минут дәрігердердің бақылауында болды. Қазір жағдайы жақсы.
Ревакцинация вируспен күресудің жалғыз тиімді жолы.
Айта кетейік, Шымкент қаласында соңғы 1 ай көлемінде 1944 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 1215 адам аурудан айыққан. Соңғы тәулікте 18 адамнан қауіпті ауру белгілері анықталды. Бүгінде 32 адам стационарда, 697 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.
Вакцинаның
1-ші компонентін - 619 672;
2 -ші компонентін - 608 458;
3 -ші компонентін - 361 151;
4 - компонентін – 21910 адам салдырған.