Мұрат Әйтенов салынып жатқан үйлерге тексеру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

0
524

Қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарына тексеру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.


Мұрат Әйтенов салынып жатқан үйлерге тексеру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Шымкент қаласында заңсыз құрылыспен күрес жұмыстары қызу жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы мәлімдеді.
Жыл басынан бері қалада 21 құрылыс нысаны бойынша 63 хаттама толтырылып, құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір қала аумағында заңсыз салынған құрылыс нысандарын анықтау бойынша аудан әкімдіктерімен бірлесе мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
«Қалада заңсыз құрылысқа жол берілмеу керек. Бұл бағыттағы шараларды күшейту қажет. Сондай-ақ, салынатын құрылыс нысандарын алғашқы кезеңнен бастап барлық талаптарға сай қатаң қадағалаңыздар. Сапасыздықты алдын алу үшін нысандарға қатысты соңғы қорытындыны шығаратын техникалық бақылаушылардың жауапкершілігін артыру қажет» - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, қала басшысы саладағы түйіткілді мәселелерге де тоқталды. Жаңа шағынаудандарда бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарына тексеру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.