Мұрат Әйтенов ЖК «Макашев» үйірмесіне барды

0
971

Аталған шығармашылық үйірме Қаратау ауданына қарасты «Нұртас» шағын ауданында орналасқан.


Мұрат Әйтенов ЖК «Макашев» үйірмесіне барды

Мемлекет басшысының балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт тапсырысының жан басына қаржыландыру бойынша берген тапсырмасының негізінде Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру жобасына қатысып отырған ЖК «Макашев» үйірмесіне барды.
Аталған шығармашылық үйірме Қаратау ауданына қарасты «Нұртас» шағын ауданында орналасқан. Бұл үйірмеге бүгінде ұлттық би мен халық биі бойынша жалпы 100 өтінім келіп түскен.
Қала әкімі бұл жаңашылдық балаларға кез келген үйірмеге баруына қолжетімді ететінін атап өтті. Ең бастысы ата-аналарға қаржылық жағынан ауыртпалық түспейді. Енді бұл төлемақы мемлекет қазынасынан бөлінетінін жеткізді.