НАУРЫЗ: «Шымкент-Циркте» мерекелік қойылым өтті

0
2 874

Мерекелік қойылымдар 28 наурызға дейін жалғасады.


 НАУРЫЗ: «Шымкент-Циркте» мерекелік қойылым өтті

Бүгін «Шымкент-Циркте» «Наурыз-Думан» мерекелік қойылымы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұлттық нақышта киінген цирк әртістері, айналаның гүл мен өсімдікке көмкеріліп тұруы көрерменге ерекше атмосфера, көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Бағдарлама ай мен күннің теңескен сәтін екі гимнаст әуеге көтеріліп, табиғаттың оянған сәтінен бастау алады.
Акробаттардың шымырлығы, гимнастардың ептілігі, әртістердің, шоу-балет тобының жонглерлық өнерді синхронды түрде игергендігі бағдарламаның органикалық тұтастығын, мерекелік ырғағын жандандыра түсті. Әсіресе, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған “Күш атасын танымас” қойылымы көрермен көңілінен ерекше орын алды.
«Шымкент-Цирк» мекемесінің басшысы Нұрлан Ыдырысұлының айтуынша, 4 LED-экраннан көрсетілетін Наурыз мерекесінің таңдаулы сәттері, әсем көріністер музыка үнімен көрермен қиялын асқақтата түседі.
«Наурыз-Думан» мерекелік бағдарламасына бір ай көлемінде дайындалдық. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызда, бірінші рет кіші бағдарламаны «жануарсыз» өткіздік, бүгін толық бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік қойылым 2 бөлімнен тұрады. Күндізгі бөлімі 5-10 жас аралығында, ал кешкі ересек жастарға арналған», - деді «Шымкент-Цирк» директоры.
Айта кетейік, мерекелік қойылымдар 28 наурызға дейін жалғасады.