​Назарбаев Шымкенттегі іссапарында: «Туризм мен бизнесті дамыту үшін бұдан басқа не керек?!»

0
1 793

Осылай деген Елбасы үшінші мегаполисте туризмді түлету үшін жол және инфрақұрылымды дамытуды тапсырды.


​Назарбаев Шымкенттегі іссапарында: «Туризм мен бизнесті дамыту үшін бұдан басқа не керек?!»

Шымкент қаласына іссапары кезінде Елбасы Шымкенттің туризм үшін өте тартымды аймақ екенін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Туризм әлем бойынша ең үлкен табыс көзі. Сондықтан да бизнесті дамыту мақсатында туризмді түрлендіру қажет. Қазақстан дүние жүзі халықтары үшін танылмаған тың аймақ екендігін атап өткен Елбасы туризмді дамытуға Шымкентте мүмкіндіктер зор екендігін қадап айтты.

"Батыс Еуропа- Батыс Қытай" халықаралық дәлізі бар, тарихи орындар тұнып тұр, табиғи отыр бар... Туризмді түрлендіру мен бизнесті дамытуға одан басқа сендерге не керек?!" - деді ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Өзбекстанмен шекараның ашылып, екіжақты ынтымақтастықтың артуы да Шымкент қаласына мол мүмкіндіктер туғызып отыр. Мұның тағы бір жағы, көрші өзбек елінің бизнесмендерімен бәсекеге қабілетті болу керектігін айтып Елбасы.

"Біз тауарымызды Ташкентке апарып сату керекпіз", - деп нақтылап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.