«Ордабасы» ФК президентінің кеңесшісі тағайындалды

0
1 143

«Ордабасы» футбол клубының президенті Н.Қатаевтың кеңесшісі тағайындалды.


«Ордабасы» ФК президентінің кеңесшісі тағайындалды

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті Нұржан Қатаевтың кеңесшісі болып Саян Хамитжанов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Саян Хамитжановпен бір жыл мерзімге келісім-шарт түзді. Саян Жақсыгелдіұлы бұған дейін «Астана» футбол клубының президенті қызметін атқарып келген. «Астана» футбол клубы соңғы 5 жылда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 5 дүркін чемпионы атанды, бұған қоса Қазақстан Кубогын және екі дүркін Қазақстан Суперкубогын ұтып алды.

Айта кетейік, "Ордабасы" футбол клубы биылғы жазда Еуропа лигасы аясында сынға түседі.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөзі