"Ордабасы" футбол командасы Украинаның "Ворскла" командасын жеңді

0
892

2:0 есебімен "Ордабасы" командасы жеңіске жетті.


"Ордабасы" футбол командасы Түркия еліндегі оқу-жаттығу жиынында Украинаның " Ворскла " командасымен кездесіп 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетесек, кездесу барысында ойынға алмасып кірген жаңа ойыншылар жақсы нәтиже көрсетті.

"Ордабасы" командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе "Ордабасы" - "Ворскла" 2:0 матчына байланысты өз ойымен бөлісті:
- Жұмыс жағдайындағы сәттерге толы бақылау ойыны болды. Менің ойымша, уақыт өте келе біз ойынды жақсартып, футболшылардың сенімділігін арттырып, нәтиже беруге тиіспіз. Ал, командаға қосылған португалиялық Бриджидоға келетін болсақ, ол командамен үш күн ғана жұмыс істеді. Әрине, оған әлі бейімделу үшін уақыт қажет. Менің ойымша, ол ойынға жақсы араласа алды. Біздің командаға келгені өзінің жоғары мүмкіндіктерін толық көрсетіп,топқа міндетті түрде көмектеседі.

"Ордабасы" ф/к негізгі құрамы: Шайзада, Төлебек, Клещенко, Фонтанелло, Дәуітов, Досмағамбетов, Диакате, Махлангу, Бадибанга, Жоао Пауло, Жаңқылышбай.

Екінші таймда алаңға алмасып шыққан команда ойыншылары: Хижниченко, Симчевич, Астанов, Шамши, Бриджидо, Хаджиев және Жақсыбаев.