«Ордабасы» клубы мен бас бапкері келісімшартты ұзартты

0
1 513


«Ордабасы» клубы мен бас бапкері келісімшартты ұзартты

Кахабер Цхададзе «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Ордабасы» фубол клубының ресми парақшасында жарияланды. Онда клуб басшылығы Кахабер Цхададзе мен әріптестеріне сенетінін білдірген.

Сондай-ақ, клуб президенті Нұржан Қатаев: «Біз алдағы уақытта «Ордабасы» клубының жарқын жеңістері мен жетістігіне куә боламыз деп үміттенеміз» , - дейді.

Айта кетейік, келісімшарт мерзімі 1 жыл.