"Ордабасы" командасы маусымды жеңіспен бастады

0
740

Тартысты өткен матчта "Ордабасы" 1:0 есебімен қарсыластарынан басым түсті.


Футболдан Қазақстан премьер лигасы аясында шымкенттік "Ордабасы" командасы маусымның алғашқы ойынын Көкшетаудан келген "Оқжетпес" командасымен өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттік команданы қолдауға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді.

Тартысты өткен матчта "Ордабасы" 1:0 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Ойынның 57-минутында Р. Маурисью Брижиду гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, "Ордабасы" командасы келесі ойынын 11 наурыз күні сырт алаңда "Астанамен" өткізеді.