Отырар кітапханасы байқау жариялайды

0
2 463

Аталған байқауда мыңжылдық тарихы бар көне қаламыздың жаңа келбеті, көрікті жерлері мен көрнекті орындарын ғаламтор арқылы әлемге таныту тұрғысында түсірілген туынды 20 қарашаға дейін қабылданатын болады.


Отырар кітапханасы байқау жариялайды

«Отырар» кітапханасының бастамасымен «Сүйікті қаламен селфи» атты вертуалды фотобәйге жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі облыстық «Отырар» кітапханасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған байқауда мыңжылдық тарихы бар көне қаламыздың жаңа келбеті, көрікті жерлері мен көрнекті орындарын ғаламтор арқылы әлемге таныту тұрғысында түсірілген туынды 20 қарашаға дейін қабылданатын болады.

Байқауға қатысу үшін автор өзі жайлы қысқаша мәлімет беріп, Шымкенттің әсем ғимараттары тұсында түскен суреттерді кітапхана сайтына жолдай алады. Сондай-ақ, кітапхананың Фейсбук парақшасында да жариялайды. Қатысушылардың жасына шектеу жоқ. Жеңімпаздар көпшіліктің дауыс беруі (лайк) арқылы анықталып, қорытындысы 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында белгілі болады.

Жарыс жеңімпазы Шымқала туралы толық тарихи мағлұмат беретін үш тілде жазылған «Шымкент»-«Shymkent» фотоальбом кітабымен марапатталады.