​Өз үйінде есірткі өсірген Шымкент тұрғынына қатысты тергеу басталды

0
1 244

53 жастағы жергілікті тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірген.


​Өз үйінде есірткі өсірген Шымкент тұрғынына қатысты тергеу басталды

Өз үйінде есірткі өсірген Шымкент тұрғынына қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4 мамырда Еңбекші ауданында Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісін анықтады.

Үй ауласын тінту барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіретін құмыралар табылды. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдіктер есірткі заттарына жататындығы расталды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.