Пәтер алмақ болған Шымкент тұрғыны полицияға арыз түсіруге мәжбүр болды

0
479

Шымкент қаласының полицейлері танымайтын бөгде адамдарға ақша бермеуге шақырады.


Пәтер алмақ болған Шымкент тұрғыны полицияға арыз түсіруге мәжбүр болды

Шымкент тұрғыны кезектен тыс пәтер аламын деп, алаяққа алданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 9-шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша кезектен тыс пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, 600 000 теңгесін аляқтық жолмен иемденіп алғанын көреткен.

Қаратау АПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайты орын алмас үшін танымайтын бөгде адамдарға ақша бермеуге шақырады.