Полиция көлігі «Камазбен» соғысты

0
2 255

Қазіргі таңда қызметтік тексеру жүргізілуде


Полиция көлігі «Камазбен» соғысты

фото: mashina.com

ERNUR.KZ. Шымкент-Леңгір тасжолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Бүгін, шамамен сағат 11:10-да Шымкент – Леңгір тасжолында Шымкент қаласынан шыға берісінде жол -көлік оқиғасы орын алды. Шымкент ҚІІД Жол - патрульдік полицияның қызметтік автокөлігі «Камаз» автокөлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру барысында аталған оқиғаның мән-жайы анықталады.