Республикалық ақпараттық-ағарту штабының мүшелері Шымкентке келді

0
1 139


Республикалық ақпараттық-ағарту штабының мүшелері Шымкентке келді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық - ағартушылық штабының мүшелері үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесудің басты мақсаты – сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздеген Штаб мүшелері алғашқы кездесуін қала активімен өткізді.

Іс-шарада Штаб құрудың қоғам алдындағы маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайластықтың алдын алу үшін қоғамдық санаға серпіліс жасау арқылы жоюға болатындығы айтылды.

«Сананы өзгерту керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес» - деді Агенттіктің ресми өкілі А.Бердалин.

Штабтың құрамында бірде-бір мемлекеттік қызметші жоқ. Барлығы қоғам белсенділері.

«Штабқа мүше боламын, жемқорлыққа бей-жай қарамаймын, адалдық принципіне үлес қоссам деген азаматтар болса, бәріне есігіміз ашық.» - деді Штаб жетекшісі Ы.Тұрсынзада.

Айта кетейік, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған Ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысын өткен жылдың соңында бастап, қазіргі таңда бірқатар ұжымдармен, жастармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.