САЙЛАУ: Шымкентте алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды

0
210

4 аудандағы сайлау учаскелерінде алғаш келген сайлаушылардың барлығына сыйлықтар табысталды.


САЙЛАУ: Шымкентте алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды

Шымкент қаласындағы 293 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала тұрғындары таң азанымен белсенділік танытып, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда өз таңдауларын жасап жатыр.

Шымкенттегі 4 аудандағы сайлау учаскелерінде алғаш келген сайлаушылардың барлығына сыйлықтар табысталды.