"Самара-Шымкент" тас жолында болған жол апатынан төрт адам көз жұмды

0
855

Қайғылы жағдай 23 ақпанда орын алған.


Самара-Шымкент тас жолында жүк көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алып, соның салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 23 ақпанда орын алған.

Polisia.kz мәліметінше, Самара - Шымкент тасжолының 915 шақырымында 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, "Volkswagen Sharan" көлігімен соқтығысқан.

Белгілі болғандай, жеңіл көліктің бір жолаушысы дене жарақатын алып, төрт адам оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды қатаң ескертеді.