Семсерлесуден ҚР кубогы: Шымкенттік спортшылар жүлделі орындардан көрінді

0
686

ҚР Кубогі «Самұрық-Қазына» қайырымдылық қоры мен «Спорт Қоры» қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.


Семсерлесуден ҚР кубогы: Шымкенттік спортшылар жүлделі орындардан көрінді

Алматы қаласында семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

22-28 қараша аралығына жоспарланған сайыста шымкенттік спортшылар жүлделі орындардан көрінуде.

Шпагадан ерлер арасындағы жеке біріншіліктің қорытындысы бойынша Ерлік Сертай жеңімпаз атанса, Эльмир Әлімжанов қола жүлдеге ие болды. Әзірге спортшыларымыз 1 алтын, 1 қола жүлдені қоржынға салды.
Айта кетейік, ҚР Кубогі «Самұрық-Қазына» қайырымдылық қоры мен «Спорт Қоры» қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.