Шағын және орта бизнес өкілдері үшін салық өсімпұлдары мен айыппұлдар кешіріледі

0
3 734

Құрметті салық төлеушілер, салық қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда рақымшылық беріледі.


Шағын және орта бизнес өкілдері үшін салық өсімпұлдары мен айыппұлдар кешіріледі

Салық төлеушілер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған Заңға сәйкес, азаматтар 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сәйкес болған негізгі салықтық қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда, өсімпұлдар мен айыппұлдары шегеріледі.

Салықтық рақымшылық келесі санаттағы салық төлеушілерге қолданылмайды:

  • мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
  • жер қойнауын пайдалану;
  • акцизделетін өнім өндіру;
  • жеке немесе дара кәсіпкерлікпен шұғылданбайтын жеке тұлғалар.

Сонымен қатар, оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер қарызын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет.

Одан бөлек, салық рақымшылығын падалануға мүмкіндігі бар субъектілердің шеңберін кеңейту мақсатында, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жылдың 29 тамызыныдағы «Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бүйрығына келесі толықтырулар енгізілген:

  • 2018 жылдың қазан жағдайына салықтық тексерулер бойынша есептелген сомалары шағымдануда болғанына байланысты, негізгі қарызы болмаған;
  • 2018 жылдың қазан жағдайына салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламаның орындау мерзімі келмегеніне байланысты, негізігі қарызы болмаған;
  • өткен жылдарға қосымша салық есептіліктерін тапсыру есебінен 2018 жылдың 1-ші қазанынан кейін негізігі бересі пайда болған салық төлеушілердің қолдануға мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, салық рақымшылығы жөнінде туындаған барлық сұрақтар бойынша Шымкент қалалсы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-51-87 телефон арқылы және салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.