Шаһардың бас полицейі: «Шымкентте бәрі сатылады дейді. Шындық қой ол!»

0
1 409

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы жүргізуші куәлігін сатып алғандар жайлы айтты.


Шаһардың бас полицейі: «Шымкентте бәрі сатылады дейді. Шындық қой ол!»

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы жүргізуші куәлігін сатып алғандарға сабақ өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтар болсақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмахамбетов халық алдында 2019 жылдың алғашқы 8 айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген еді. Сол кездесу барысында тұрғындар тарапынан жол ережесін білмейтін, жүргізуші куәлігін оқымай алған адамдар туындататын мәселелер де қозғалып, YouTube-тан заң бойынша сабақ өтетін канал ашу ұсынылды.


Ал, полиция бастығы мұндай жағдайлардың қалада жиі кездесетінін растап, өте маңызды мәселені шешу үшін алдағы уақытта қандай шара қолдану керек екенін айтты.

«Мен 25 жыл сыртта істедім. Енді, сол сырттағылардың айтатыны – жасыратын не бар, Шымкентте бәрі сатылады дейді. Шындық қой ол! Не қыламыз жасырып? Ал, YouTube-қа шығарсақ, мыналар сатып алған праваларын енді түзеп жатыр демей мt? Сондықтан, WhatsApp желісінен чат ашайық, сол жерде өзімізбен-өзіміз сабақ өткізейік, кемшіліктерді де сол жерге тастап жұмыс істейік. Ол чатқа мен де қосыламын», - деді Ералы Жұмахамбетов өз сөзінде.

Сонымен қатар, өз кезегінде тұрғындар да бұл бастаманы қолдайтынын білдірді.


Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында штаттан тыс полиция – студенттерден құралған топтар жастар арасындағы қоғамдық тәртіпті сақтау барысындағы іс-шараларға көмек көрсетіп жатыр.