«SHANYRAQ»: Шымкентте көпбалалы аналар өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр

0
448

Көпбалалы және науқас бала күтіміндегі 143 ана тігін массаж, СММ курстары мен кондитерлік шеберлік сағатына қатысып, қазір өз кәсібін дөңгелетіп отыр.


«SHANYRAQ»: Шымкентте көпбалалы аналар өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «SHANYRAQ» орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Ажырасу – қоғамның ең үлкен мәселенің бірі. Күйзеліске ұшыраған ата-аналар психологиялық көмекке зәру. Ал толық емес отбасыда өскен баланың келешекте қоғамға сіңісуі, адамдармен тіл табысуы қиынға соғады. Жасқаншақ болған балалардың өздері де тұрақсыз әрі депрессияға жақын келеді. Осы мәселенің алдын алу үшін «SHANYRAQ» орталығы ашылып, игі істер атқарылуда. Алдағы уақытта сіздермен етене жақын жұмыс істейтін боламыз, - деді Рашид Мамытұлы.
Ашылғанына небәрі бір жыл болған орталық қаладағы осал топтардың әлеуметтік картасын дайындауда елеулі істер атқарып келеді.
Әлеуметтік мәселелер жөнінде қаланың төрт ауданымен тығыз байланыс орнатқан орталықта жас аналармен бірге әжелер және жалғыз басты әкелердің де мектебі жолға қойылған.
Орталық меңгерушісі Абибулла Қалымбеттің сөзінше, орталықта азаматтар күнделікті бас қосып, өзін мазалап жүрген мәселелерді ортаға салады. Себебі орталықта психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру қызметі ақысыз жүргізіледі.
Тіпті мұнда бала асырап алу жөнінде кеңес алумен мен өзге кәсіп игеруге және жұмыспен қамту тұрғысынан да жәрдем алуға мүмкіндік бар.
Бір жыл ішінде 9 859 азамат орталықта психологиялық, құқықтық, АӘК-ке құжат тапсыру, үй кезегіне тұру бойынша кеңес алған.
Бұдан өзге, көпбалалы және науқас бала күтіміндегі 143 ана тігін массаж, СММ курстары мен кондитерлік шеберлік сағатына қатысып, қазір өз кәсібін дөңгелетіп отыр.