Шетел азаматтары шымкенттік ХҚО-ға кезекті онлайн брондай алады

0
534

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді.


Шетел азаматтары шымкенттік ХҚО-ға кезекті онлайн брондай алады

Шетел азаматтары кезекті алдын ала жоспарлап, ЖСН қалыптастыру мемлекеттік қызметін SMS-хабарлама арқылы ала алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді.

"Қазір бұл қызметті eGovKzBot2.0. телеграм-боты арқылы, ұялы телефонмен алуға болады. ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны және шетелдік төлқұжатты көрсету арқылы кезек талоны берліледі", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін ХҚО-ға қайта жүгінудің қажеті жоқ. Дайын құжат шетел азаматының өтініште көрсетілген қазақстандық ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберіледі. Нөмірді төлқұжат ұсына отырып сатып ала алады.

Яғни, онлайн брондаудың негізгі шарты – қазақстандық ұялы байланыс операторы нөмірінің болуы.

Айта кетейік, Шымкент ХҚКО-лары арқылы жеті айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді.Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспортты ресімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметі көрсетеді. Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды.