Шетелдіктер Шымкенттің дәрігерлеріне емделіп жатыр

0
1 029

Үшінші мегаполистің «алтын қол» дәрігерлері 130 науқастың бүйрегін алмастырған.


Шетелдіктер Шымкенттің дәрігерлеріне емделіп жатыр

ERNUR.KZ. Германия, Канада, Израиль, Румыния азаматтары Шымкент дәрігерлеріне ота жасатты, деп жазады elitar.kz.

Шымкент қаласының хирургтары бүйрек алмастыру бойынша 130 және бауыр алмастыру бойынша 18 операцияны сәтті жасаған. Дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің арасында еліміздің ғана емес, басқа мемлекеттердің де азаматтары болған.

Бұл туралы: «Медициналық туризмді дамыту мақсатында қалалық бірінші клиникалық аурухана базасында шетелдің 17 азаматына (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордың бүйрегін салу операциялары жасалды. Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ал донорлар мен реципиенттер амбулаториялық ем алуға жіберілді. Барлық операцияны аурухананың білікті трансплантолог-дәрігерлері жасады», - деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Айта кетейік, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында бүйрек алмастырып салу операцияларын жасау 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді.