«Шомылу кезіндегі қауіпсіздік» – Шымкентте «Қауіпсіз жаз» акциясы өтіп жатыр

0
1 616

Іс-шараның мақсаты – су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу


«Шомылу кезіндегі қауіпсіздік» – Шымкентте «Қауіпсіз жаз» акциясы өтіп жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында «Қауіпсіз жаз» акциясы аясындағы «Шомылу кезіндегі қауіпсіздік» атты бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы аумағында ауа райы тұрақты ысып, ауа температурасы +45°С-қа дейін көтерілуіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтары өзендерге, су қоймаларында орналасқан демалыс орындарына барып шомылып жатыр.

Осыған орай, Шымкент қаласы ТЖД Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының, жергілікті полицияның қызметкерлері мен жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының қатысуымен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында «Қауіпсіз жаз» акциясы аясындағы «Шомылу кезіндегі қауіпсіздік» атты бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.