Шымқала "сары" аймаққа оралды

0
759

​18 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.


Шымқала

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы "сары" аймаққа қайта оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

18 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары. «Жасыл аймақта»: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, Шымкентте өткен тәулікте 204 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.