​Шымқалалық жас термешілер текті сөз төресін жырлаудан жарысты

0
2 395

Термешілер сайысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында өтті.


​Шымқалалық жас термешілер текті сөз төресін жырлаудан жарысты

«Шымкент медресе» колледжі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Отанды сүю иманнан» атты жас термешілер арасында Жастар Ресурсы Орталығында 2018 жылдың 30 қазанында байқау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық колледждер арасынан текті сөздің төресін жырлайтын он екі студент тамыры тереңге жайылған ұлтымыздың термелерін шырқады. Елбасының идеясын және 2018 жылғы тамыз конференциясындағы негізгі құндылықтарды іске асыру мақсатында колледж студенттерін Отанға деген сүйіспеншілігі мен өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылған іс-шараға облыстық және қалалық білім басқармасы, «ОҚ Саз» колледжінің сонымен қатар қалалық филармония қызметкер мамандары әділқазылық етті.

Ұлттық рухты асқақтатқан аталмыш жобада 1-орынды Сынабай Қылышбек, 2-орынды Арыстан Рустем, 3-орынды Тұрғанбек Жұлдызай және Жуасбек Нұрдаулет қанжығаларына байлап, қаржылай сыйлықтар, алғыс хаттар табысталды.

Дереккөз: «Шымкент медресе» колледжі