ШЫМКЕНТ: "Ақ бүрку" дәстүрі бойынша жастар көшеттер егіп, қарт әжелер ағарғанмен жеміс ағаштарына бүркіді

0
2 636


ШЫМКЕНТ:

Шымкенттегі Дендросаябаққа келіп тоқтаған "Наурыз-керуені" қазақтың көне дәстүрі "Ақ бүрку" салтымен жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Ақ бүрку" салт-дәстүрі бойынша жастар көшеттер егіп, қарт әжелер ағарғанмен жеміс ағаштарына бүрку жасады. Шарада жастар ән айтып, қазақтың салт-дәстүрін одан ары жандандыра түсті. Сондай-ақ аталмыш дәстүр бойынша қазақтың жас келіндеріне де дәстүрдің жөн-жоралығымен бүрку салты өткізілді.

Енді "Наурыз-керуені" Қазақстан халқы Ассаблеясына жол тартты. Онда "Армысың, әз-наурыз!" мерекелік іс-шарасу өз жалғасын табатын болады.