Шымкент - инвестицияға қолайлы қала

0
563

Жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша толық қолдап, шет елдік мамандарды тартудың жеңілдетілген тәртібін ұсынады.


Шымкент - инвестицияға қолайлы қала

Өзінің жылылығымен және қайырымдылығымен танылған қала инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһарда ашық экономикалық аймағы мен бірнеше индустриалды аймақ бар.

Оңтүстік арнайы индустриалды аймағы барлық инвесторлар мен барлық аймақ қатысушылары үшін келесі приференциялар мен жеңілдіктерді ұсынады.
Жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша толық қолдап, шет елдік мамандарды тартудың жеңілдетілген тәртібін ұсынады. Сонымен қатар, кедендік салықтық режим, тегін жер телімі, мемлекеттік қолдау және дайын инфрақұрылым қарастырған.
Аймаққа инвестиция салған инвесторлар коорпаративтік табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы және кедендік баж салығынан босатылады.