Шымкент - Ыстамбұл бағытындағы әуе рейстері қайта жанданады

0
506

2021 жылғы 23 мамырдан бастап Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр.


Шымкент - Ыстамбұл бағытындағы әуе рейстері қайта жанданады

Шымкент – Ыстамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Ыстамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді.

Атап айтқанда, "Turkish Airlines" әуе компаниясы 2021 жылғы 22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет (6-күндері) орындалады.

Сонымен қатар, түріктердің "Pegasus Airlines" әуе тасымалдаушысы 2021 жылғы 23 мамырдан бастап Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рейс (7 күн бойынша) орындалады.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.

Рейстер санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.