ШЫМКЕНТ: №12 спорт мектебінің қосымша корпусы келесі жылы пайдалануға беріледі

0
452

Шаһар басшысы​ сала мамандары мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.


ШЫМКЕНТ: №12 спорт мектебінің қосымша корпусы келесі жылы пайдалануға беріледі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабында орналасқан №12 спорт мектебіне барып, қосымша корпустың құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нысан 2 ауысымда жұмыс атқарады. 1 ауысымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады. Одан соң мұнда 252 спортшы сыятын түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалмақ. Кешен ғимараты 3 қабаттан тұрады.
Жертөледе пауерлифтинг оқу-жаттығу залы, ауыр атлетика оқу-жаттығу залы, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі қарастырылған.
Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, күзетші бөлмесі, киім бөлмесі, 18 орынға асхана, 210 орынға көрермендер трибунасы бар әмбебап спортзал, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі, медпункт болады. Ал, екінші қабатта холл, демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон спорт түрлерінен оқу-жаттығу залдары қарастырылған.
Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарлануда.
Шаһар басшысы сала мамандары мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.