ШЫМКЕНТ: 12,6 мың гектар алқапқа егін егілді

0
1 715

Шымкентте ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 841 млн теңгені құрап отыр.


ШЫМКЕНТ: 12,6 мың гектар алқапқа егін егілді

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ауыл шаруашыаығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 841 млн теңгені құрап отыр.

"2019 жылға бекітілген егіс құрылымына сәйкес, 24,1 мың га егіс егу жоспарланып, бүгінде нақты егілген егіс көлемі 12,6 мың га алқапқа жетті. Оның ішінде негізгі дақылдар: масақты дәнді дақылдар - 4,9 мың га, майлы дақылдар - 2,4 мың га және т.б. Бүгінде жалпы сомасы 25,1 млрд теңгені құрайтын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша ауыл шаруашылығындағы 12,8 млрд теңгені құрайтын 23 жоба бар", - деді басқарма басшысы Асқар Сәкенұлы.

Жыл басынан бері қалада "Шарипов ЖК" жылыжай шаруашылығы іске қосылған. Инвестицияның жалпы сомасы - 600 млн теңге.