ШЫМКЕНТ: 14 жасанды жол кедергілері заңсыз орнатылған

0
1 281

Олардың барлығы алынып тасталынды.


ШЫМКЕНТ: 14 жасанды жол кедергілері заңсыз орнатылған

(фото: иллюстрациялық)

Шымкенттегі Бесқарағай және Өркенді көшелерінің бойында орналасқан 14 жасанды жол кедергілері анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінен жергілікті тұрғын қаладағы Бесқарағай және Өркенді көшелерінің бойында орнатылған асфальтпен жасалған жасанды жол кедергілерін заңдылығын тексеруді сұраған.

Өз кезегінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері осы мәселеге қатысты тиісті шешім қабылдау мақсатында аталған мекенжайға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде асфальтпен жасалған 14 жасанды жол кедергілері заңсыз орнатылғаны анықталды. Қазіргі таңда олардың барлығы алынып тасталынды.