Шымкент: 14 жастағы қыздың өліміне судағы тоқ себеп болды

0
1 492

Жүлделі орындар алып, тынымсыз жаттығулар арқасында чемпион атанып жүрген шәкірттен айырылып қалғанымызға күйінеміз.


Шымкент: 14 жастағы қыздың өліміне судағы тоқ себеп болды

Шымкент –ERNUR.KZ.Шымкент қаласында 14 жастағы жасөспірім суға түскен итін құтқарамын деп токқа түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласында 14 жастағы жасөспірім суға түскен итін құтқарамын деп токқа түсіп қайтыс болды .Үй маңындағы канал жағасында ойнап жүрген қыз баланың иті суға түсіп кеткен. Каналдан қызды судан алып шыққан куәгер суға түскенде ток ұрғанын сезгендігін айтады. Тағы бір куәгер насосты электр қуатынан ажыратып, содан кейін ғана бірнеше адам қыздың денесін каналдан алып шыққан. Марқұм жасөспірім алты жылдан бері жүзу спортымен кәсіби түрде айналысып келген екен. Болашағынан үміт күттіретін спортшы қыздың жазатайым көз жұмғанын күйінген жаттықтырушыларыбұл өлімге каналға насос қойған көршілер кінәлі деп біледі. Сондай ақ құқық қорғау орындарының бейәрекетсіздігіне қынжылатындықтарын айтады.

Виктория Ли, аға жаттықтырушы: "Жүлделі орындар алып, тынымсыз жаттығулар арқасында чемпион атанып жүрген шәкірттен айырылып қалғанымызға күйінеміз. Болашағынан үмітіміз зор еді. Бұл оқиғаны құзырлылар бақытсыз жағдай деп бағалағаны жанға батады" , - дейді.

"Сұмдық оқиғаны жұмыста естідім. Барлықмән жайды куәгер Руслан айтып берді. Еңбекші аудандық ІІБ арыз шағым бердім. Тергеушілер екі күннен кейін түсінік беру үшін шақырамыз деген. Одан бері тым тырыс. Каналға электр насосын қосқандар әлі де түк болмағандай жалғастырып жатыр. Мұнда адамдар өмір сүреді. Оларға қауіпті болмауы керек. Моргтан алған анықтамада өлім себебін электржарақат деп көрсеткен. Насос қойғандар көңіл айтып, кешірім сұрап, мәселені шешпек болды. Біз бас тарттық. Қызымыз өмірге құштар еді. Өмірді сүйетін. Бейбіт күнде мұндай бұлт үйіріледі деп ойлаған жоқпыз. Валерияның сүйікті иті жұлдызды төбет еді. Бірнеше республикалық чемпионаттардың жүлдегері боп үлгірген. Үйретілген, көрмелерге апарып жүретін ек. Демалыс кезінде қыздарымның таптырмас серігі еді", - дейді марқұмның әкесі Константин Гончаренко.

Ал осы кезде Түркістан облыстық ТЖД бұл оқиғаны тұрмыстық жағдайдағы бақытсыз жағдай деп бағалаған. "17.07.2018ж. сағат 10.10 да Шымкент қаласы, Жаңа жол көшесінде тұратын 2004 жылы туған В.С.Носикова токқа түсіп қайтыс болған. Оқиға орнына Шымкент қ. Еңбекші аудандық ІІБ-ның құрамында 4 қызметкері мен 1 техникасы бар шұғыл тобы шыққан", - деп хабарлама берді Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаға байланысты Еңбекші аудандық ІІБ аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Ғалымжан Сапарханұлы: "17.07.2018ж күні сағат 10.30 шамасында Еңбекші аудандық ІІБ кезекші бөлімге Пахтакор шағынауданындағы су көзінен мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.2004 жылы туған В.Носикованың денесі табылғаны туралы анықталды. Қазіргі таңға дейін сот сараптамалары тағайындалған. Сараптамалар нәтижесі әлі белгілі болған жоқ. ҚР ҚК 104 бабы, абайсызда қаза келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Болжам бойынша өлім себебі, каналда орнатылған электронасостың техникалық ақауына байланысты ток ұрып, өлім жәйті орын алған. Дәлі қазір нақты кесіп айта алмаймын. Оқиға орнына су насосы мен бірнеше заттар айғақты зат ретінде анлынды», - деп мәлімдеме жасады.