ШЫМКЕНТ: 171 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

0
882

51 түлектің тест қорытындысы жойылды.


ШЫМКЕНТ: 171 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

ERNUR.KZ. Шымкентте 171 оқушы сынақ тәртібін өрескел бұзғаны үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмеді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24.

Сонымен қатар, 51 түлектің тест қорытындысы жойылды. Жалпы 222 оқушы тест ережесіне бағынбаған. Олар сынақ барысында рұқсат етілмеген заттарды пайдаланған. Алайда оларға әлі де бір мүмкіндік бар.

Тамызда кешенді тестілеуге қатысып, ақылы оқуға түсуіне болады. Биыл Шымкентте 8 885 шәкірт мектеп бітіріп жатыр. Оның 8 мың 570-і ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген. Айта кетейік, Шымкентте тесттілеу 1 шілдеге дейін жалғасады.


- Биыл ҰБТ-ға өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік туды. Сонымен қатар ҰБТ қорытындысын яғни сертификатты міндетті түрде электронды түрде алу мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықты таңдаған үміткерлер үшін шектік бал 70 болып белгіленіп отыр. Биылғы талаптарға сәйкес аудиториядағы барлық бейнебақылау алынып, қайта тексеру жүргізілетін болады. Әсіресе жоғары балл жинаған түлектердікі қайта қаралып, егер ол жерде заң бұзушылықтар тағы да анықталатын болса, жинаған балы да ұтып алған гранты да жоққа шығарылатын болады, - дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.