ШЫМКЕНТ: Конституция – тұрақтылық тұғыры

0
965

Шымкентте «Конституция – жасампаздық пен бірліктің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.


ШЫМКЕНТ: Конституция – тұрақтылық тұғыры

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Конституция – жасампаздық пен бірліктің кепілі» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысқан жиында ұлтты ұйыстырып, қуатты мемлекет құруда Ата Замңымыздың алар орны жан-жақты сөз болды.
Мәжілісті Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов ашып, көпшілікті маңызы зор мерекемен құттықтады.
"Конституцияның әрбір бабы ежелден еркіндікті аңсаған еліміз үшін аса құнды. Егемен еліміздің басты құқықтық құжаты мемлекетімізді толымды жетістіктерге жеткізіп, жаһандық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдыруға негіз болып отыр. Ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқының байырғы қазақ жерінде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға басқан қадамы Конституциямен тығыз байланысты", - деген М.Қалмұратов қызметі конституциялық нормалардан бастау алатын Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстарына да тоқталды.
Мерекелік басқосуда Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени орталығының төрайымы Ася Мухамедова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының бас маманы, социология ғылымдарының магистрі Кәмшат Утеева, қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Бегалы Байрамов Конституциямыздың әлеуеті жөнінде өз ойларын ортаға салды.