ШЫМКЕНТ: №2 қалалық ауруханаға бас дәрігер тағайындалды

0
688

Бас дәрігер қызметіне Асқар Рахматалиев тағайындалды.


ШЫМКЕНТ: №2 қалалық ауруханаға бас дәрігер тағайындалды

Шымкент қаласындағы №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметіне Асқар Рахматалиев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Асқар Мұратұлы қаладағы рентгенхирургия саласын дамытып, жүрекке тіліксіз ота жасауды жетік меңгерген жоғары санатты дәрігер.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс интервенционды кардиологы, денсаулық сақтау магистрі, ҚР интервенциялық кардиологтар мен рентгенхирургтар қоғамының вице - президенті.
А. Рахматалиев Шымкент қаласындағы медицина академиясында білім алған. 2007 жылы Ресей Федерациясындағы А.Н. Бакулев атындағы жүрек - қан тамырлары хирургиясының Ұлттық орталығында «Жүрек - қан тамырлары хирургиясы» мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өтіп, 2009 жылы Семей мемлекеттік медицина университетінің Павлодар филиалында «кардиология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.
Білікті маман алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласындағы облыстық кардиологиялық орталығында рентгенхирург дәрігері болып бастаған. Бүгінге дейін Асқар Мұратұлы облыстық кардиологиялық орталықта ангиографиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, №2 қалалық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.
Тіліксіз ота жасауды жетік меңгерген маман бүгінге дейін алты мыңнан аса операция жасаған.