ШЫМКЕНТ: 2019 жылдың алғашқы 7 айында менингококк инфекциясы бойынша 3 жағдай тіркелген

0
1 032

Шымкент қаласы бойынша менингококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы анықталды.


ШЫМКЕНТ: 2019 жылдың алғашқы 7 айында менингококк инфекциясы бойынша 3 жағдай тіркелген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың алғашқы 7 айында серозды менингит аурушаңдығы бойынша 143 жағдай тіркеліп, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 95-ке жеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, тіркелген 3 науқастың 1-і жұмыссыз ересек адам болса, 2-і 14 жасқа дейінгі, ұйымдастырылмаған балалар. Науқастар ақпан, мамыр және маусым айларында тіркеліп,барлығы ауруханадан толық емделіп шыққан және бір-бірімен байланысы болмаған.

Сондай-ақ, тіркелген жағдайлар бойынша індетке қарсы іс-шаралар толық жүргізіліп, олармен қарым-қатынаста болған 14 адамның барлығы зертханалық тексерістен өткен. Нәтижесінде, 1 адамнан «N.meningitidis серотип А» табылып, оның тұрмыстық қатынас жолымен жұққандығы анықталған.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың алғашқы 7 айында серозды менингит аурушаңдығы бойынша 143 жағдай тіркеліп, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 95-ке жеткен.

Айта кетейік, инфекцияның алдын алу мақсатында қала деңгейінде 2017-2019 жж. арналған ведомствоаралық (денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті) кешенді жоспар бекітіліп, жұмыс атқарылуда. Нақтырақ айтсақ, қала бойынша аталған мақсатта 76 семинарлық сабақ өткізіліп, 4521 адам қамтылған және БАҚ беттеріне инфекцияның алдын алу мақсатында мәліметтер жарияланған. Сонымен бірге, қаладағы ірі сауда орындарында, бірқатар мекемелерде кездесулер өткізілген.