ШЫМКЕНТ: 2019 жылдың басынан бері 8703 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған

0
1 014

Enbek.kz интернет-порталында 2019 жылдың басынан бастап 16 966 бос жұмыс орындары жарияланған.


ШЫМКЕНТ: 2019 жылдың басынан бері 8703 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған

Шымкент қаласында еnbek.kz интернет-порталы жұмысын нәтижелі жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының экономикалық және индустриалдық аймақтарында орналасқан жұмыс беруші кәсіпорындарға, білім басқармасы және денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелерге enbek.kz порталы арқылы тіркелудің қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жалпы 2000 нан аса жұмыс берушіге кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, олар порталға тіркеле отырып бос жұмыс орындарын жариялаған.

Нәтижесінде, 2071 жұмыс берушілер тіркелген Enbek.kz интернет-порталында 2019 жылдың басынан бастап 16 966 бос жұмыс орындары жарияланып, 8703 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған. Ал, қазіргі таңда 4733 бос жұмыс орындары бар.

Айта кетейік, жарияланған бос жұмыс орындарының арасында тәрбиеші, бастауыш мектеп мұғалімі, бухгалтер, еден сүртуші және қосалқы жұмысшы секілді мамандықтар көптеп кездеседі.