ШЫМКЕНТ: 21 жастағы жігіт шөп дәрі ішемін деп қайтыс болды

0
2 061

Қалған екі жігітті Шымкент қалалық токсикологиялық орталықтың дәрігерлері аман алып қалған.


ШЫМКЕНТ: 21 жастағы жігіт шөп дәрі ішемін деп қайтыс болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте жас жігіттер шөп дәріні ішеміз деп уланып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түскі үзіліс кезінде үш жігіттің ортақ таныстары иммунитетті көтереді деп әкеліп ұсынған дәрінің дәмін көрмек болғанның бірі ауруханаға жетпей жолда таксиде көз жұмған. Қалған екі жігітті Шымкент қалалық токсикологиялық орталықтың дәрігерлері аман алып қалған.

Бұл фактіні Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.

"Аталған жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Үш азаматтың нақты неден уланғанын анықтау мақсатында арнайы сараптамалар тағайындалды. Сараптамалар нәтижесінде процесуалды шешім қабылданатын болады", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға екінші ақпан күні орын алған. Ауруханаға жетпей жантәсілім еткен жігіт небәрі 21 жаста болған.